Бейсхан Зайрагүл

 

  1. Сіз неге Қазақ Ұлттық Медицина Университетін таңдадыңыз?

Мен осы университетте оқып жатқанымды мақтанышпен айта аламын, себебі барлық шет мемлекеттерге танымал. Білім сапасы да жоғары, таңдаулы универлердің бірі.

  1. Қазақстанның жоғарғы оқу орны сізге білімнен басқа не берді?

Білімнен өзге маған рухани байлықты берді. Өзімді танытуға мүмкіндік берді. Өз бойымдағы зор мүмкіндіктерді ашуға мүмкіндік туды. Жақсы достар таптым.

  1. Студенттік өміріңіз үйіңізден алыста өтіп жатыр? Нені еске алар едіңі?

Ең бірінші, әрине, ата-анамды. Олардың мейірімін сағынамын. Ең алғаш мектеп табалдырығын аттаған жылымды, білім ққуып ауылымнан алысқа кеткенімді жиі ойлаймын.

  1. Қазақстанның дәстүр-салттары сіздің алдағы өміріңізде орын алады ма?

Әрине, мен қазақтың барлық дәстүрін білемін. Себебі қазақпын ғой. Біз өзге мемлекетте өмір сүрсек те ата-дәстүрімізді ешқашан ұмытпаймыз.

  1. Университеттен алған біліміңізді өмірде , практикада қолдана алдыңыз ба?

Қолдандым, ауруханаларда білімімді дамытып, тәжірибе алып жүрмін.

  1. Профессорлық оқытушылық құрамның жұмысын қалай бағалағн болар едіңіз?

Оқытушылардың білімі жоғары, оқу-білімнен өзге де ол кісілерден алған өнегеміз өте көп. Ұстаздардың бәрі өз сабақтарын қызықты әрі тартымды өткізе біледі.

  1. Сіздің отаныңызда біздің елден алған білім мен дағдылар қолданыла ма?

Біздің елде білімді адамға міндетті түрде жұмыс табылады. Білімділікті жоғары бағалаймыз.

  1. Студенттік өміріңіздегі ең қызықты оқиғаны айтсаңыз?

Жедел жәрдем бөлімінде жүргенмін. 2 кур оқып жатқан кезім. Алғашқы көмек көрсету мақсатында бір науқасқа бардық. Ол ессіз жатыр екен. Бәріміз өліп қалды деп ойладық. Бірақ мейірбике ол адамның тілінің астына барбарис кәпитін салып еді ол адам есін жиды. Сөйтсек ол адам қант диабетімен ауырады екен.