Зайра Хамитқызы Мажитова

(1 қаңтар 1949 жыл — 22 қыркүйек 2008 жыл), медицина ғылымдарының докторы, профессор, Гамбургтегі Интернационалды Медициналық Білім академиясының мүшесі, Халықаралық педиатрлар қоғамының мүшесі, түркі тілдес елдердің педиатрлар қоғамының мүшесі, Азия және Тынық мұхиты педиатр-гастроэнтерологтар қоғамының мүшесі, Гематологтар және Иммунологтардың  Еуропалық Қоғамының мүшесі, Еуропалық Респираторлық Қоғамның мүшесі, «Педиатрия и детская хирургия Казахстана», «Қазақ Ұлттық медицина университетінің жаршысы» ғылыми-тәжірибелік жұрналдың редакциялық алқасының мүшесі, ҚазҰМУ Ғылыми Кеңес төрағасының орынбасары, ҚазҰМУ педиатрия, акушерлік және гинекология мәселелері бойынша ҒЖМК төрайымы болып табылды.

З.Х.Мажитова 1972 жылы Алматы Мемлекеттік Медицина Институтының дәрігер-педиатр мамандығы бойынша бітірген. 1976 — 1979 жылдар аралығында Алматы Мемлекеттік Медицина Институтының (АММИ) аспирантурасында оқыды, «Ерте жастағы балалардағы жедел пневмония кезіндегі миокард метаболизмінің өзгерістері» тақырыбында медицина ғылымдарының кандидаттығына ізденуші ретінде диссертациялық жұмысты орындап, 1983 жылы қазан айында қорғаған. Аспирантураны тәмамдағаннан кейін 1979 – 1988 жылдар аралығында Алматы Мемлекеттік Медицина Институтының госпитальды педиатрия кафедрасының ассистенті болып жұмыс атқарды. 1988 жылдың желтоқсан айында Ресей, Мәскеу қаласында ССРО МҒА педиатрия ҒЗИ докторантурасына түсті, 1992 жылдың ақпан айында «Балалардағы жүректің туа біткен ақаулары кезіндегі метаболикалық бұзылыстарды терапиялық түзетуді негіздеу» тақырыбында докторлық диссертациялық жұмысын қорғады.

1992 жылдан бастап, интерндерге арналған педиатрия кафедрасының меңгерушісі болды, ол кейіннен педиатриялық факультетте оқу үрдісінің реформалануына байланысты  № 3 педиатрия кафедрасына қосылды, 1996 жылы балалар ауруларының пропедевтикасы біріктірілді. 1998 – 2002 жылдар аралығында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ғылыми жұмысы жөніндегі проректоры болды, 2003 — 2006 жылдар аралығында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ғылыми жұмысы жөніндегі ректордың Кеңесшісі болды.

1992 жылы  профессор З.Х. Мажитованың бастамасымен және ҚР министрлер Кабинетінің қолдауымен Қазақстан Республикасы экологиялық қолайсыз аймақтарда тұратын балаларды зерттеу және емдеу үшін «Ақсай» Республикалық балалар клиникалық балалар ауруханасында «Экология және балалар» бөлімшесі ашылды. З.Х. Мажитованың жетекшілігімен экологиялық қолайсыз аймақтарда тұратын балаларды клиникалық-функционалды зерттеудің кешенді бағдарламасы жасалды. «Экология және балалар» бөлімшесінің он жылдан астам жұмыс жасаған кезеңінде Қазақстанның экологиялық қолайсыз аймақтарында тұратын 15 000 астам балаларға зерттеу, емдеу және реабилитация ұйымдастырылды.

1997 жылы «Ұрпақ» Ұлттық балалар реабилитациялық орталығы» мемлекеттік емес коммерциялық емес медициналық ғылыми мекемесі ұйымдастырылды.

1998 жылы қаңтар айында З.Х. Мажитова Ақтөбе қаласының «Ақ-Бөбек» балалар реабилитациялық орталығы базасында Батыс Арал өңірі балаларындағы генетикалық өзгерістерді зерттеу бойынша ғылыми-тәжірибелік бағдарлама жасалып, енгізілді.

1999 жылдың желтоқсан айында асқорыту ағзаларының ауруларымен зардап шеккен балаларды зерттеу және емдеу үшін Қазақстанда бірінші және жалғыз Республикалық Балалар Гастроэнтерологиялық Орталығының бастаушысы және ұйымдастырушысы болды.

Балалар ауруларының пропедевтикасымен педиария кафедрасында З.Х. Мажитованың жетекшілігімен экологиялық педиатрияның іргелі негізі қаланды. Осы ғылыми мәселенің шешімі үшін 1992-2006 жылдар аралығында қоршаған ортаның химия зертханасымен және Швед Корольдігі ғылым академиясының жасушалық токсикологиясы бөлімімен, Люксембургтің Ұлттық зертханасының токсикология бөлімімен, Ютендо Университеті Медициналық мектебінің эпидемиология және қоршаған орта денсаулығы бөлімімен, Ниппон Медициналық мектебімен (Жапония), Геттингем университетімен (Германия) және Респираторлық Медициналық Орталықпен (Ұлыбритания), гематолог және иммунологтардың Еуропалық қоғамымен (Италия-Германия) өзара тығыз және өнімді ынтымақтастықтың арқасында, республикалық және халықаралық деңгейдегі 26 ғылыми-техникалық бағдарламалар орындалды. Соңғы ғылыми – зерттеу бағдарламаларының бірі «Арал өңірі экологиялық апат аймағындағы балалар ағзасындағы химиялық және радиациялық жүктемені анықтау» Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобасы болып табылды. З.Х Мажитовамен 38 медицина ғылымдарының кандидаттық және 6 докторлық жұмыстары дайындалды.

З.Х. Мажитова 300 астам баспа жұмыстарының авторы болып табылады, оған ғылыми мақалалар, әдістемелік нұсқаулықтар және монография, 3 балалар нефрологиясы, пульмонологиясы және кардиологиясы оқу құралы кіреді, оның басшылығымен   «Экологически зависимые болезни у детей» және «Атлас клинико-морфологических синдромов и болезней у детей при загрязнении окружающей среды» орыс тілінде кітаптары баспадан шықты.

Профессор З.Х. Мажитованың жеткешілігмен интеллектуалды меншік Институтының предпатенттерімен нақтыланған, балалардағы ауруларды диагностикалау мен емдеудің 18 астам әдістері жасалды.

З.Х.Мажитованың атқарған жұмыстарын Қызылорда, Ақтөбе және Атырау облыстары әкімшілігі және денсаулық сақтау департаменттері алғыс хаттармен еледі, Алматы қаласының әкімі құрмет грамотасымен марапаттады. 2002 жылы көп жылдық адал еңбегі, балалар денсаулығын қорғаудағы қол жеткізген табыстары және медициналық қызмет көрсетуді  дамытуда және жетілдірудегі қосқан үлкен үлесі үшін профессор З.Х. Мажитованы Қазақстан Республикасының үкіметі «Шапағат» төс белгісімен марапаттады.

Мажитова Зайра Хамитовна (1 января 1949 года — 22 сентября 2008 года), доктор медицинских наук, профессор, являлась членом Интернациональной Академии Медицинского Образования в Гамбурге, членом Международного Общества педиатров, членом Общества педиатров тюркоязычных стран, членом Азиатского и Тихоокеанского общества педиатров – гастроэнтерологов, членом Европейского Общества Гематологов и Иммунологов, членом Европейского Респираторного Общества, членом редакционной коллегии научно-практического журнала «Педиатрия и детская хирургия Казахстана», «Вестника Казахского Национального медицинского университета», являлась заместителем председателя Научного Совета КазНМУ, председателем НППК по проблемам педиатрии, акушерства и гинекологии КазНМУ.

Мажитова З.Х. окончила Алматинский Государственный Медицинский Институт в 1972 году по специальности: врач-педиатр. С 1976 по 1979 гг. обучалась в аспирантуре Алматинского Государственного Медицинского Института (АГМИ), выполнила диссертационную работу на соискание степени кандидата медицинских наук на тему: «Изменение метаболизма миокарда при острой пневмонии у детей раннего возраста», защита состоялась в октябре 1983 года. После окончания аспирантуры работала ассистентом кафедры госпитальной педиатрии Алматинского Государственного Медицинского Института с 1979 по 1988 гг. В декабре 1988 года поступила в докторантуру НИИ педиатрии АМН СССР г. Москва, Россия, и в феврале 1992 года защитила диссертационную работу на тему: «Обоснование терапевтической коррекции метаболических нарушений при врожденных пороках сердца у детей».

С 1992 года являлась заведующей кафедрой педиатрии для интернов, которая, в связи с реформированием учебного процесса на педиатрическом факультете была реорганизована в кафедру педиатрии № 3, в 1996 году был присоединен курс пропедевтики детских болезней. С 1998 года по 2002 год являласьпроректором по научной работе КазНМУ им С.Д. Асфендиярова, с 2003 года по 2006 год Советник ректора по научной работе КазНМУ им С.Д. Асфендиярова.

В 1992 году по инициативе профессора З.Х. Мажитовой и поддержке Кабинета министров РК было открыто отделение «Экология и дети» в Республиканской детской клинической больнице «Аксай» для обследования и лечения детей, проживающих в экологически неблагополучных регионах Республики Казахстан. Под руководством З.Х. Мажитовой была разработана комплексная программа клинико-функционального обследования детей, проживающих в экологически неблагополучных регионах. За более чем десятилетний период в отделении «Экология и дети» были организованы обследование, лечение и реабилитация более 15 000 детей, проживающих в экологически неблагополучных регионах Казахстана.

В 1997 году организовала негосударственное некоммерческое медицинское научное учреждение «Национальный детский реабилитационный центр «УРПАК».

В январе 1998 года З.Х. Мажитова разработала и внедрила научно-практическую программу по изучению генетических изменений у детей Западного Приаралья на базе детского реабилитационного центра «Ак-Бобек» г. Актюбинска.

В декабре 1999 года явилась инициатором и организатором первого и единственного в Казахстане Республиканского Детского Гастроэнтерологического Центра для обследования и лечения детей, страдающих заболеваниями органов пищеварения.

На кафедре педиатрии с пропедевтикой детских болезней под руководством З.Х. Мажитовой разрабатывались фундаментальные основы экологической педиатрии. Для решения этой научной проблемы с 1992 по 2006 гг. было выполнено 26 научно-технических программ и грантов республиканского и международного значения притесном и плодотворном сотрудничестве с лабораторией химии окружающей среды и отделом генетики и клеточной токсикологии Шведской Королевской академии наук, с отделом токсикологии Национальной лаборатории Люксембурга, с отделом эпидемиологии и здоровья окружающей среды Медицинской школы Университета Ютендо, с Ниппоновской Медицинской школой (Япония), с Геттингемским университетом (Германия) и Респираторным Медицинским Центром (Великобритания), с Европейским обществом гематологов и иммунологов (Италия-Германия). Одной из последних научно-исследовательских программ являлся проект Международного научно-технического центра «Определение химической и радиационной нагрузки на организм детей в регионе экологической катастрофы Приаралья и разработка стратегии реабилитации». З.Х Мажитовой было подготовлено 38 кандидатов и 6 докторов медицинских наук.

Мажитова З.Х. является автором более 300 печатных работ, которые включают научные статьи, тезисы, методические рекомендации и монографию, 3 учебные пособия по детской нефрологии, пульмонологии и кардиологии, под её руководством опубликованы книга «Экологически зависимые болезни у детей» и «Атлас клинико-морфологических синдромов и болезней у детей при загрязнении окружающей среды».

Под руководством профессора З.Х. Мажитовой разработаны более 18 способов диагностики и лечения заболеваний у детей, которые подтверждены предпатентами Института интеллектуальной собственности.

Деятельность З.Х.Мажитовой отмечена благодарностями акимата и департаментов здравоохранения Кызылординской, Актюбинской и Атырауской областей, почетной грамотойакима г. Алматы. В 2002 году за многолетний добросовестный труд, большой вклад в развитие и совершенствование медицинского обслуживания и достигнутые успехи в деле охраны здоровья детей профессор З.Х. Мажитова была награждена правительством Республики Казахстан медалью «Шапагат».