Тоқтағұл Қамида

«Жалпы медицина» мамандығы бойынша білім алатын 5 курс студенті -Қытай

  1. «Денсаулық –зор байлық» біздің мамандығымыздың маңыздылығы мен қажеттілігі, әсіресе даму үстіндегі Қазақстан үшін  маңызды. Жоғарғы білікті дәрігер болу тіптен жауапкершілігі жоғарғы мамандық. Сол себепті халықтың қажеттілігін өз мамандығымызбен қанағаттандыра алсақ, олардың ауыртпалығын жеңілдете алсақ біз үшін одан өткен қуаныш болмас еді. Халыққа бір көмегім тисе екен деген асқақ арманымның жетегінде осы университетке оқуға түстім.
  2. Осы оқу орнында көптеген нәрселерді үйрендім. Бұл мамандықтың бізге қояр талабы қаншалықты жоғары болса, берер білімі деп соншылықты көп. Біз түрлі ауруханалардан, медициналық орталықтардан білім алып, науқастарды көрдік. Осы жолда үйренгеніміз көп болды. Баурмашылдыққа, кішіпейілдікке үйретті.
  3. Осы университетке оқуға түсу үшін келген жылдарым қиындыққа толы болды. Тіл білмедік, ешкімді танымадық, жалғыздықты көп көрдім. Осы сәттерді жиі еске аламын.
  4. Мен қазақпын. Ата-анам, өскен жерім, салт-санам бәрі қазақ. Сол себепті салт-дәстүрді мен өмірі сақтап өтемін.
  5. Иә, өмірде алған білімімді қолдана аламын. Себебі, ең жоқ дегенде аурудың қалай пайда болатынын айтып бере аламын. Қалай дамитынын, немен аяқталатынын түсіндіріп бере аламын. Бақылауға алып, көмек көрсету де қолымнан келеді.
  6. Жақсы деп ойлаймын. жақсы оқытады, тәрбиелейді.
  7. Иә, қолданылады деп ойлаймын себебі, бәрінде бір мақсат. Міндет бір –ауыруды сауықтыру. Науқасты қарап, диагноз қою тексеру бәрі жалпы жақтан бірдей деп ойлаймын.
  8. Мұндай сәттер көп. Алғаш оқуға түсіп анатомия, патология, физиология сабақтары өте қызықты өтетін. Сүйектермен жұмыс жасадық, осы тәжірибені кейін ауруханаларда практикадан өту барысында науқастарды көрдік т.б.