Әрбір университеттің өзінің бетке ұстар мақтанышы болады. Бұл тек ғылым, ғылыми жетістіктер және білім беру дәстүрі ғана емес. Университет айнасы – бұл, ең алдымен, адам. Осы ЖОО-нын бітірген, осында қызмет атқаратын әрі ең бастысы, оны жүрегінің түбінде сақтап жүрген адамдар. Әрбір университеттің ондаған мың түлектердің, қызметкерлердің, студенттер мен ЖОО дәстүрінің бірігуінен шығатын өз күш-қуаты бар. ЖОО-ң жетістігі – бұл түлектердің студенттік жылдар мен студенттік достықтың нәтижесінде қол жеткізетін жетістігі.
Адам баласының әрбірінің өмірінде сүйіспеншілікпен және жүрек жылуымен еске алатын ұмытылмас кезеңдер болады. Бұл Университетте өткен тәтті дәуір. Бұл оқиғаға толы жалынды жылдар…
Оқу орнының тәрбиеленушілері болашаққа кәсіби өмірге жеткізер жолдама берген өздеріне ортақ alma mater арқасында бірігіп, өзіндік бір жанұя құратыны бұрыннан қалыптасып қалған. Университет өз түлектеріне беретін мол білім қорынан бөлек, одан да маңызды құндылық бар, бұл – университет қабырғаларында бірге өткізген жылдары адамдар арасында қалыптасып, өмір бойы жалғасын тауып жататын қарым-қатынас.
Университетіміз тарихындағы 80 жыл ішінде тағдыр 60 мыңнан астам түлекті төрт тарапқа таратып үлгерді. Бұл денсаулық сақтау саласының, әлеуметтік және білім беру жүйесінің түрлі тармағында қызмет атқаратын, халқымыздың денсаулығын сақтауға барынша атсалысып жүрген жоғары білікті мамандар.
2009 жылы «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті түлектерінің қауымдастығы» құрылды. Бұл университет тарихындағы жаңа бет болды. Ол медициналық университетіміздің, оның студенттері мен түлектерінің жағдайын жасау қажеттілігіне байланысты. Елімізде алғаш рет медициналық ЖОО түлектерінің ұйымы құрылды. Түлектер қауымдастығының президенті болып ҚазҰМУ тәрбие және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Айгүл Қаракүшікова тағайындалды. ҚазҰМУ Түлектер қауымдастығы – бұл университетті бітірген соң әрбір түлек келіп қосылатын қоғам.
Қауымдастықтың мақсаты – ҚазҰМУ alma-mater болып табылатын студенттердің және мамандардың дәрігерлік мамандығының имиджін және беделділігін арттыру, денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін интеллектуалдық, шығармашылық және іскери әлеуетінің басын біріктіру. Қауымдастықтың миссиясы – Университет айналасында пікірлес адамдарды – университет идеалдары мен дәстүрін құрмет тұтатын, Университетті әрқашан кәсібиліктің, адамгершіліктің және білімділіктің нышаны деп танитын азаматтарды, Университеттің толық әрі жан-жақты дамуына ықпал жасауға ниетті әрі оны іске асыратын адамдарды біріктіру, ғылым мен білім саласында университетімізге еңбек сіңірген қызметкерлерге, дарынды студенттерге және жас мамандарға қолдау көрсету.
Қауымдастықтың негізгі бағыттары келесілер: университет түлектерінің кездесуін ұйымдастыру және өткізу; еңбекпен қамсыздандыру мәселесі жөніндегі мамандардан кеңес алу; студенттер мен түлектердің қосымша білім қызметтерін (тақырыптық конференцияларға, семинарларға, мастер-кластарға, біліктілікті арттыру курстарына қатысу) алуына көмек беру; осындай республикалық және халықаралық ұйымдармен байланыс орнату, делегациямен және жұмысшы топтармен, жұмыс тәжірибесімен және ақпаратпен алмасу, дарынды студенттерге материалдық және басқа да қолдау көрсету; ғылыми, білім беру және ұйымдастырушылық іс-шараларын Қауымдастықтың мақсатына сәйкес қаржыландыру; білім беру, клиникалық, ғылыми және өзге саладағы қызметкерлерді, ҚазҰМУ студенттері мен түлектерінің жеткен нәтижесін насихаттау.
Облыс орталықтарында «Қауымдастықтың аймақтық филиалдары» ашылды.
Университетіміздің 80-жылдық мерейтойына орай көпжылдық тарихымызда алғаш рет «Түлектер кітабы» шығарылды. Мұрағаттан 20 000 артық түлектердің аты-жөні жиналды, олардың ішінен 7 000 түлектің аты бірыңғай электронды деректер базасына енгізілді.
Белсенді студенттер тарапынан жиналған ҚазҰМУ түлектері жайлы мұрағат материалдары С.Ж.Асфендияров атындағы түлектердің бірыңғай электронды деректер базасына енгізілетін болады.
Түлектер кітабы
Түлектер кітабы – бұл Университеттің 80-жылдық қызметінің нағыз қортытындысы іспеттес. Эстафетаны келесі ұрпаққа тапсырған түлектердің есімі Университет тарихында алтын әріптермен жазылды. Бұл ғұмырын медицинаға арнаған мыңдаған әріптестермен тағы бір кездесу болып табылады. Түлектер кітабының беттері – еліміздегі ең көне университеттің дамып, қалыптасуының қиын кезеңдерінің куәгері. Бұл біздің осы Кітап беттерінде ұмытылып қалмай, бізбен бірге жүрген оқытушыларымызға, әріптестерімізге деген шексіз алғысымыздың белгісі. Бізді біріктіріп отырған ортақ бесік – Университет, ол өздері ұшып шыққан алтын ұя Университеттің абыройы мен имиджін көз қарашығындай құрметтейтін өз түлектерін әрқашан мақтан тұтып, жадында сақтап отырады.
ҚазҰМУ Түлектер қауымдастығының мақсаты
«С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті түлектерінің қауымдастығы» – бұл Республикалық қоғамдық бірлестік болып табылады, ол Университет студенттері, түлектері, оқытушылары мен медицина қызметкерлері арасындағы кәсіби байланыс пен қарым-қатынасты нығайтып әрі дамытып отырады, оқытушы мен медицина қызметкері мамандықтары беделінің артуына ықпал жасайды.
«С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті түлектерінің қауымдастығы» 2009 жылдың қараша айында қаланды және оның мүшелерінің (қатысушыларының) еріктілігі, теңқұқықтығы, өзін-өзі басқару, заңдылық, есептілік және қызметінің айқындылығы негізінде жұмыс жасауда, республикалық қоғамдық бірлестіктің ұйымдық-құқықтық формасында заңды тұлға болып табылады.
Біздің мақсатымыз:
Қазақстанда ең бірінші болып «Медициналық ЖОО түлектері қауымдастығын» құру;
Дәрігерлердің тәжірибесі мен студенттердің білімін жақындастыру;
Шетелдерде жұмыс жасау әрі олармен бірлесіп қызмет атқару;
Қара шаңырақ Университетімізді есте сақтау әрі оған көмек беру;
Күн сайын мерекелік көңіл-күй орнату;
Дарынды студенттерге, ардагер медицина қызметкерлеріне, біздің жәрдемімізге мұқтаж тұрмысы төмен отбасылар мен балаларға көмек көрсету;
Дәрігер мамандығының имиджі мен беделін көтеру үшін әрі денсаулық сақтау саласының кәсіби, әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу үшін Университет студенттері мен түлектерінің зияткерлік, шығармашылық және іскери әлеуетін біріктіру.
Түлектер қауымдастығының негізгі бағыттары мен міндеттері:
Денсаулық сақтау мен білім беру саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мен нығайту үшін кәсіби байланыстарды дамыту.
Қоғамның және мемлекеттің назарын денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерге аударуды белсенді ету.
Қауымдастықтың тарихы
2009 жылы «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті түлектерінің қауымдастығы» құрылды. Бұл университет тарихындағы жаңа парақ болды. Ол медициналық университетіміздің, оның студенттері мен түлектерінің жағдайын жасау қажеттілігіне байланысты. Елімізде алғаш рет медициналық ЖОО түлектерінің ұйымы құрылды. Түлектерінің қауымдастығының президенті болып ҚазҰМУ тәрбие және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Айгүл Қаракүшікова тағайындалды. ҚазҰМУ Түлектер қауымдастығы – бұл университетті бітірген соң әрбір түлек келіп қосылатын қоғам.
Университетіміз тарихындағы 80 жыл ішінде тағдыр 60 мыңнан астам түлекті төрт тарапқа таратып үлгерді. Бұл денсаулық сақтау саласының, әлеуметтік және білім беру жүйесінің түрлі тармағында қызмет атқаратын, халқымыздың денсаулығын сақтауға барынша атсалысып жүрген жоғары білікті мамандар. Бүгін олар өздерінің балалары мен немерелерін осында білім алу үшін жетелеп әкеліп жатыр.